Қазақ ғылымының дамуы - ТМД елдері арасында үздік бестікте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ғылымының дамуы - ТМД елдері арасында үздік бестікте

11.04.2014
Қазақ ғылымының дамуы - ТМД елдері арасында үздік бестікте
Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Алматыда «Білім, ғылым, инновация - ұлт болашағы» атты тәжірибелік конференция өтті.
 
Шара барысында ғалымдар қазақ ғылымының бүгінгі жетістіктері мен жас ғалымдардың ізденістерін тілге тиек етті.
 
Жалпы, қазақ ғылымы ТМД елдері арасында үздік бестікке кіреді. Себебі, мемлекет тарапынан бұл салаға ерекше  көңіл бөлініп, соңғы 3 жылда оны қаржыландыру 2,5 есеге өсті.
 
Ал, қаражатты басқару жүйесі базалық, гранттық және жобалық болып жүйеленді. Сондай-ақ, ғылыми жаңалық нәтижелері өндіріс, индустрия және ауыл шаруашылығында қажетті болуы шарт.
 
Сондықтан, біздегі ғылыми зерттеу институт ғалымдары мен жоғары оқу орындарының ұстаздары жұмыла жұмыс істеп, жас кадр дайындау мәселесіне көшті. Өйткені, отандық ғылымның жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз ету елдің жалпы дамуына тигізер әсері мол.
 
Алқалы жиын соңында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев ғылымның таңдаулы қызметкерлерін арнайы төсбелгі мен Құрмет грамоталарымен марапаттады.
 
Қайрат Әлімғазинов, тарих ғылымдарының докторы, доцент:
Былтырдан бері бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сол бағдарламалар аясында тарихшылар және басқа да гуманитарлық сала мамандары қаншама жобаларды іске асырды. Сол жобалардың іске асуы нәтижесінде  еңбектер шыға бастады. 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу