Нұрлан Сыдықов: «Жас Отан» қатарында 170 000 қазақстандық бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Сыдықов: «Жас Отан» қатарында 170 000 қазақстандық бар

09.04.2015
Нұрлан Сыдықов: «Жас Отан» қатарында 170 000 қазақстандық бар

«Бүгінгі таңда 170 000 адам жасотандық қатарында. Олар қазіргі кезде «Жас Отан» атқарып жатқан барлық жұмысты мойындарына жүктеген табысты жастар», -деп атап өтті Нұрлан Сыдықов. 

Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, елімізде «Жас Отан» Жастар қанатының 37 қалалық, 170  астам өңірлік филиалдары бар.  

«Барлық еліміз бойынша 37 қалалық, 170 астам аудандық, сондай-ақ, 1700 бастауыш бөлімдері қызмет етеді. 200 аса бастауыш бөлімдері өндіріс кәсіпорындарында жұмыс істейді. 

Сонымен бірге, 2012 жылдан бері жасотандықтар қатарынан шыққан депутаттар саны өсті. 

«Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жас депутаттардың саны 49 % өсті, яғни, еліміздегі жас депутаттардың жартысы біздің ұйымымыздың мүшелері. Жасотандықтар сондай-ақ, консультативті-кеңесу органдары- ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңесте, облыс әкімдерінің қарамағындағы кеңестерде бар», - деді Нұрлан Сыдықов. 

Бүгін, Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезі өтті.  Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат қатысты, олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының лидерлері, шығармашыл, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары және басқалары бар. Съезде  «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлі талқыланды, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылданды. 

nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу