Самат Рыскелді: Сиқыр өнеріне деген қызығушылық бала кезімнен бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самат Рыскелді: Сиқыр өнеріне деген қызығушылық бала кезімнен бар

09.04.2015
Самат Рыскелді: Сиқыр өнеріне деген қызығушылық бала кезімнен бар

Бүгін «Таңшолпанда» қонақта болған сиқыршы Самат Рыскелді: «Сиқыр өнеріне деген қызығушылық бала кезімнен бар. Мен әнді де айтамын, сурет те саламын, бірақ, сиқыр өнеріне көп көңіл бөлемін»,-дейді.

«Бұл өнер шетелде жақсы дамыған. Біздің елде енді көтеріліп келеді.  Сахнаға шыққаннан кейін халықтың не көргісі келіп отырғанын дөп табуың керек. Көрерменге сенен керегі – таңқалу ғана. Сол себепті, кейбір кезде кетіп жатқан қателіктерді білдіртпеуге тырысу қажет»,-дейді сиқыршы.

«Сиқырдың түрі көп. Иллюзиялық, микромагия, сахналық нөмірлер, көмекшімен жұмыс істеу деген сияқты түрлері бар. Мұны үйренуде адамға алдымен керегі – өзіне деген сенімділік, сиқырға деген қызығушылығы артып тұрса, алынбайтын қамал болмайды».

«Шетелдік сиқыр өнері мамандарымен қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Біз жылына бір рет үлкен концерт ұйымдастырамыз, сол кезде Украина, Ресейдің сиқыршылары келеді, тәжірибе алмасып отырамыз»,-дейді Самат Рыскелді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу