Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2015
Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол 32 ұрысының бәрінде жеңіске жетіп, олардың 29-ын нокаутпен аяқтаған. Ал, 18-ін мерзімінен бұрын бітірген.

Төрткүл дүниеге кең танылған боксшы Геннадий Головкин қазақтың мақтанышы. Ол шаршы алаңға шыққанда мыңдаған жанкүйерге толы зал сілтідей тынады. Геннадий Қарағандының  бокс мектебінде тәлім алып, талай мәртебелі додаларда топ жарды.

Атап айтқанда, қазақстандық спортшы 2003 жылы бокстан Әлем чемпионы, 2004 жылы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанып, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта Әлем чемпионы атағын алды. Бұдан бөлек, Әлем кубогы және Әлем чемпионаттарында жасындай жарқырап, ел мерейін асырды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері бұл күні АҚШ-тың Калифорния штатында  тұрады. Бапкерлері  Абель Санчес және Макс Головкиннің нұсқаулары бойынша жаттығып, дүбірлі додаларға қатысуда.

Қазіргі таңда Гена менмін, деп атойлаған бокс шеберлерін шақ келтірмеуде. Шаршы алаңдағы шеберлігі арқылы ол талай мықтыны есеңгіретіп, талай мықтының мысын басты.

WBA, IBO, WBС тұжырымы бойынша чемпиондық атағын сақтап қалды. 89 пайыз нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша бірінші орында тұр.

Биыл Монаккода өткен жекпе-жек барысында Геннадий кәсіпқой боксшылар арасында орта салмақ бойынша уақытша Әлем чемпионы. Британдық Мартин Мюррейді тас-талқан етіп жеңген болатын.

Бұл жеңісінен кейін Гена аты аңызға айналған Майк Тайсонмен қарсыластарын қатарынан нокаутқа түсіру есебі бойынша теңесті.

Дүниенің қай бұрышында жүрсе де, үстінен қазақтың оюлы шапанын тастамайтын Геннадий Головкин ел мақтанышы.

Хабарламаларға жазылу