Алматыда журналист Серік Жанболаттың шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда журналист Серік Жанболаттың шығармашылық кеші өтеді

07.04.2015
Алматыда журналист Серік Жанболаттың шығармашылық кеші өтеді

8 сәуір күні Алматыдағы Студенттер сарайында танымал журналист, «Алаш айнасы» интернет порталының бас редакторы Серік Жанболат шығармашылық кеш өткізбекші.

«Мен әнші, биші, күйші емеспін. Журналист – елдің азаматы. Әкімдер де есеп береді, сол сияқты журналистер де есеп беруі керек қой, деген оймен осы кешті өткізгелі отырмын. Біраз жылдан бері жазылған әндер, жасалған фильмдер бар, солардан үзінді алып, шығармашылық кеш ұйымдастырмақшымыз. Кешке өнер қайраткерлері Майра Ілиясова, Ақбота Керімбекова, Саят Медеуов, Сержанәлі Әлібек, Еркін Шүкіман, Ерлан Рысқали, Бағлан Әбдірайымов,  «Қоңыр», «Серілер» топтары қатыспақ».

«Кештің мақсаты – бар дүниені айта беру емес, жаңа әндерді  шырқау. Сондай-ақ, бұл кеште жас әншілерді сахнаға шығарып, тұсауын кеспек ниет бар.  Мысалы, жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін Айдана Аманбекова, «Сәуіржан мен Мерей» деген топ құрылған. Тағы айта кету керек, «Қазақстан дауысының» жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет әскери әндердің жаңа легін алып келе жатыр».

«Бұл кеш – менің кешім емес, достарымның кеші болса екен деймін. Марқұм Табылды Досымовтың «Өкпелемеші» әнінің тұсауын кессек деп отырмыз.  Сондай-ақ, Арман Сқабылұлының «Өкпелемеші» деген кітабы жарыққа шықты. Кеш  тұсаукесерлер кеші болғалы тұр»,-дейді Серік Жанболат.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу