Айзада Капонова: Бұл конкурстан көп тәжірибе алдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айзада Капонова: Бұл конкурстан көп тәжірибе алдым

07.04.2015
Айзада Капонова: Бұл конкурстан көп тәжірибе алдым

Көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисі  Айзада Капонова бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Айзада Капонова жуырда ғана өткен Нұрғиса Тілендиев атындағы IV «Өз елім» атты фестиваль конкурсына қатысып, «Классикалық вокал» аталымы бойынша бас жүлдені иеленді.

«Байқау осымен төртінші рет өтізіліп отыр. Онда еліміздің әр түкпірінен  40-қа жуық қатысушы болды. Шетелден келгендер де бар. Солардың арасынан бас жүлдеге ие болғаным үлкен бақыт. Әрбір байқау біз үшін өте қиын әрі жауапты.

Байқаудың бірінші кезеңінде «Ақ шағала», «Қарлығаштар туралы ән» және «Баянауыл вальсі» әндерін, ал, екінші кезеңде «Кел, еркем, Алатауыма» және «Жан жарым» әндерін орындадым»,-дейді әнші.

«Осындай байқауларға қатысқан сайын әншілер өздерін жан-жақты жинақтайды. Бұл конкурстан да көп тәжірибе алдым».

Таңғы уақытта дауыс ояту тәсілін білесіз бе? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу