«Таэквондо ITF» жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан қазақстандық атлеттер жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таэквондо ITF» жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан қазақстандық атлеттер жүлделі оралды

03.08.2022

Амстердамда өткен «Таэквондо Айтиэф» жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан қазақстандық атлеттер жүлделі оралды. Халықаралық жарысқа елімізден 28 спортшы аттанған. Нәтижесінде олар 1 алтын, 5 күміс, 11 қола медаль иеленді. Спорттық додаға 30-дан астам елден, 600-дей спортшы қатысқан. Бүгін жас буын таэквондошылар Алматыға келіп, жақындарымен қауышты. Құттықтаулар қабылдады. Ұлттық құраманың бапкерлері, бұл - әсіресе, пандемиядан кейін өте жақсы көрсеткіш екенін айтып отыр.

Іңкәр Әлиақпарова, таэквондошы:

Топтық жарыста екінші орын, топтық екінші орын жәнеөзім шыққан спарингтен үшінші орын алдым. Кореяда болады деп жатыр, соған дайындалып, бірінші орын алуға тырысамын. Сондай арманым бар.

Серік Әбдіхамит, Таэквондо ITF -тен Қазақстан құрамасының мүшесі:

Жарыс жақсы өтті. Жарыста жақсы конкуренция болған. Көп тәжірибе алдық. Жоспарымыз бар, келесі жарысқа дайындалып шығамыз.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу