Бүгін – Джеки Чанның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Джеки Чанның туған күні

07.04.2015
Бүгін – Джеки Чанның туған күні

Ақкөңіл мінезімен, шапшаң қимылдарымен әрқашан ізгілік жолындағы күресімен миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған актер – Конг Санг Чан яғни, Джеки Чан. Оның кез келген фильмін көрген адамның езуіне еріксіз  күлкі үйіріледі.

Кедей отбасында дүниеге келген Джеки Чанға әлемдік танымалдылық бірден келе қойған жоқ. 1971 жылы жабық драмалық академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған.

Осы салада жүріп, омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да бірнеше рет сындырып, кеңірдегін жаралап, көз жанарынан де айырылып қала  жаздаған. Тіпті, бас сүйегін сындырып, бір өлімнен аман қалғаны тағы бар.

Дебюттік рөлін «Мәңгілік махаббат» кинотуындысынан бастаған актер 100-ден астам фильмге түскен. Сонымен қоса, Джеки кинорежиссер, продюсер, сценарист және әнші.

Джеки Чанды актер деп таныған көпшіліктің оның әншілік өнерін біле бермесі анық. Жалпы, актердың ән қоржынында 20 альбом бар.

Хабарламаларға жазылу