Деректі фильмдердің жағдайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деректі фильмдердің жағдайы қалай?

06.04.2015
Деректі фильмдердің жағдайы қалай?

Отандық кино өндірісі өркендеп келеді. Өмірдің шынайы дерегі, таңбасы өшпеген тарихи оқиғалар, тағдырын ел мұраты жолына байлаған тұлғалар, өткір әлеуметтік мәселелер, толғауы тоқсан тіршілік, туған жердің тұмса тарихы – бәрі-бәрі деректі фильмдерде.

Деректі кино саласында жемісті еңбек етіп жүрген санаулы режиссердің бірі де, бірегейі де Қалила Омаров: «Жұрттың бәрі ақын, бірақ, бәрі бірдей Мұқағали емес. Сол сияқты деректі фильмнің де  өзінің «Мұқағалилары» бар. Олардың киносын халық біледі»,-дейді.

Бүгінгі деректі фильмдердің жағдайы қалай? Олар қалай жасалады? Көрерменге қалай жол тартады? Нені көргіміз келеді? Нені көре алмай жүрміз? Бүгін «Айтуға оңай...» ток-шоуы 21.05-те осы мәселені зерттеп көрмек.

Хабарламаларға жазылу