«Өзекжарды» хабарында – Гюнтер Бер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзекжарды» хабарында – Гюнтер Бер

06.04.2015
«Өзекжарды» хабарында – Гюнтер Бер

Бүгінде  әлемде дуальді оқыту жүйесі – кәсіптік-техникалық кадр даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.

Бұл жүйе қазір Германия, Австрия, Дания, Нидерланд, Швеция сынды дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Іс жүзінде, дуальді оқыту үлгісі бизнестің, болашақ маман мен мемлекет мүдделерінің бірлестігі.

Дуальді кәсіптік білім беруді дамы­тудың маңыздылығына тоқталған  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», деп бұл жүйені кеңінен енгізуге мамандарға нақты тапсырма жүк­теген.

Білім берудің ерекше жүйесі туралы толығырақ бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында Германияның Трир қаласы Кәсіптік палатасының директоры Гюнтер Бер айтып береді.

Хабарламаларға жазылу