«Шалимар» гауһары кімге бұйырады?

04.04.2015
«Шалимар» гауһары кімге бұйырады?

Әулие Димас аралы тыныш өмір сүруге бел буған асыл тастар ұрлаушы Сэр Джон Локслиге тиесілі еді. Сарайда онымен  бірге тек хатшысы Шейла ғана тұратын. Джон мырзаның ең қымбат байлығы – әлемге «Шалимар» деген атпен танымал дүниедегі ең қымбат гауһар тастардың бірі.

Салмағы 1214 карат асыл тастың нақты бағасы – 135 миллион доллар. Джон мырзаның отбасы болмағандықтан, сол байлықты мұраға қалдыратын ұрпағы да жоқ еді. Осы орайда айлакер шал қызық сайыс ұйымдастырады.

Кәсіпқой асыл тас ұрлаушыларының арасындағы бәсекеде жеңіске жеткен адамға осы «Шалимар» бұйыруға тиіс  болатын. Үміткерлер арасында Кумар есімді әуесқой асыл тас ұрлаушы да бар. Мүмкін, осынау теңдессіз бәсекеде сол Кумар жеңіп шығатын шығар?

Бүгін 16.10-да Ұлттық арнадан «Шалимар» гауһары» мелодрамасын тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу