Кімге кофе ішуге болмайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кімге кофе ішуге болмайды?

01.10.2014
Кімге кофе ішуге болмайды?

Кофе адам ағзасына зиян, деседі. Бұл рас па? Әрине, кофені шамадан тыс қолдану ұйқысыздыққа, нерв жүйесінің бұзылуына, депрессияға алып келеді. Адам күніне 50 миллилитр көлемінде ғана кофе ішу қажет.

Ғалымдар ертілетін кофені қолданбауға кеңес береді. Өйткені, олар кофе дәндерінің  ең төменгі сұрыптарынан жасалады екен.

Кофені жүрек соғуының ырықсыздығымен ауыратын, ішек жолдары ауыратын, асқазанында жарасы бар, гастритпен ауыратын адамдарға ішуге болмайды. Сондай-ақ, кофе қант диабетін, атеросклероз ауруын қоздырады, деп хабарлайды coffeeburg.ru.

12-15 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге кофе (әсіресе, ерітілетін кофе) ішуге болмайды.

Бүгінде таза кофені алмастыратын түрлі сусындар бар. Мысалы, кофеинсіз кофе ағзаға зиян келтірмейді екен.

 

Фото: www.forumdaily.com

Хабарламаларға жазылу