Португалиялық кинорежиссер Мануэл ди Оливейра дүниеден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалиялық кинорежиссер Мануэл ди Оливейра дүниеден өтті

03.04.2015
Португалиялық кинорежиссер Мануэл ди Оливейра дүниеден өтті

Португалиялық ең қарт кинорежиссер Мануэл ди Оливейра 106 жасқа толған шағында қайтыс болды. Ол дыбыссыз кино мен сан-таңбалық фильмдердің көзін көрген әлемдегі жалғыз режиссер еді.

Атақты кинорежиссер шығармашылық қызметінде 60-қа жуық фильм түсірген. Оның ең соңғы туындысы - «Рештелудегі қарт» («O Velho do Restelo») қысқаметражды картинасы 2014 жылы жарық көрді. Бұл туынды арқылы режиссер Севильяда өткен Еуропалық кино фестивалінің жүлдесін иеленген.

Мануэл ди Оливейра 1908 жылы Порту қаласында дүниеге келген. Кинематография саласында 1928 жылдан бастап қызмет еткен. Алғашқы режиссерлік туындысы – «Дору өзеніндегі жұмыстар» («Douro, Faina Fluvial») деректі фильмі (1931). Алғашқы ойын фильмі – «Ақымақ Аника» (1942). Оның ең танымал картиналары – «Бенильда, немесе Богоматерь» («Benilde ou a Virgem Mãe», 1974) және «Анжеликаның басынан кешкендері»  («O Estranho Caso de Angélica», 2010)

1958 жылы кинорежиссер Венециялық кинофестивальдің бас жүлдесін– «Алтын арыстанды» иеленді. Ал, 2008 жылы Канн фестивалінде «Пальма бұтағы» жүлдесін ұтып алды. 

Хабарламаларға жазылу