Оразалы Сәбден: Түркістан – Азияның рухани кіндігінің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оразалы Сәбден: Түркістан – Азияның рухани кіндігінің бірі

03.04.2015
Оразалы Сәбден: Түркістан – Азияның рухани кіндігінің бірі

Ғалым Түркістан өңірі жаңа рухани технологиялық кластерін құру туралы жаңа мегажоба дайындаған. Осы ауқымды жобаның болашағына тоқталған ол: «Түркістан – Азияның рухани кіндігінің бірі. Сондықтан, бұл жобада Түркістанды рухани жағынан қайта жаңғырту мәселесі алға қойылған.

Барлық түркітілдес елдер осы жерден шыққан деген де ұғым бар. Жоба алты кластерден тұрады.  Рухани кластер – яғни, Түркістанда рухани нақышта, ескі дәстүрмен сәулетті  қала салу. Егер Астана XXI ғасырдың модерн қаласы болса, Түркістан – рухани қала.  Сондай-ақ, дін академиясын, үлкен ғылыми орталықтар, дүниежүзілік географиялық музей салу.

Екінші кластер – Кентау. Бір жағында – уран, екінші жағында – ғарыш тұр. Кентауда «Ашполиметал» деген комбинат болатын. Сол технологияны қайта жаңғыртсақ, рухани дүние мен жаңа технология қосылатын болса, ұлы Абай айтқан идеялар жүзеге аспақ.

Туризм кластері – ол бір Түркістан емес, бүкіл Қазақстанның туризмі. Бұған Самарқан, Бұқара, жалпы, Орталық Азияның бәрі қосылады.

Логистикалық кластер – ең пайдалы. Себебі, Түркістан – тоғыз жолдың торабы. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі, Орталық Азия мемлекеттерінің барлығы осы Түркістан арқылы өтеді. Экономикалық-логистикалық хаб құрылса, экономика табысының үштен бірін осы кластер береді. Ауыл кластері деген бар. «Жаңа ауыл» қалыптастуры идеясы.

Осы мәселе Түркістандағы халықаралық конференцияда қаралып, ғалымдар тарапынан қолдауға ие болып, билікке жіберілді»,-дейді.

Ғалым Оразалы Сәбден сондай-ақ, XXI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясын әзірлеген.

Қоғам қайраткерінің «Абай және қазақ болашағы» атты кітабы туралы «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу