Бүгін – Оразалы Сәбденнің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Оразалы Сәбденнің туған күні

20.05.2015
Бүгін – Оразалы Сәбденнің туған күні

Оразалы Сәбден - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Тастұмсық  ауылында 1947 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын тәмамдаған (1970). Экономика ғылымының докторы, академик.

1970-1971 жылдары қорғасын заводында слесарь, 1971-1973 жылдары «Қазмонтажавтоматика» тресінде инженер болды. 1973-1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясында ғылыми қызметкер, 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінде ғылым және білім саласына жетекшілік етті.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2001-2003 А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры болған. 2006 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының директоры. Еңбектері негізінен Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысын саралауға арналған.

1997-2001 жылдар аралығында ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының ғылым және білім, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясы басшыларының бірі болды. Қазақстанда және ТМД елдерінде экономикалық жүйені реформалауды заңнамалық қамтамасыз етуде де елеулі үлес қосты.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болу жағдайында ғылым мен ғылыми-техникалық саясат және нарықтық экономиканы қалыптастыру мәселелерінде, сондай-ақ, ТМД елдері үшін моделді, ұсынымды Заң жобаларын қабылдау жөніндегі Достастық елдерінің парламентаралық істерінде мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға атсалысты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің депутаттарының арасында біріншілердің бірі болып, ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет грамотасымен марапатталған.

Ғылым және техника саласында Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты (1980 ж.); «Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамытудың концептуалды негіздерін» (11 кітапты монография) әзірлегені үшін, Ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003 ж.).

460-тан астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 40 кітаптың авторы:

«Управление ремонтным производством в условиях ускорения НТП» (1988 ж.), «Малые предприятия: опыт и перспективы развития» (1991 ж.), «Наука и научно-техническая политика в условиях рынка: глазами парламентария» (1992 ж.), «Наука. Образование. Рыночная экономика» (1994 ж.), «Экономичкская политика переходного периода на рубеже ХХІ века» (1997 ж.), «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз» (1997 ж.), «Что делать для восстановления экономики Казахстана» (2000 ж.), «Рыночная экономика: учебное пособие» (2002 ж.), «Финансово-кредитное регулирование деятельности промышленных предприятий Казахстана: проблемы и перспективы» (2003 ж.), «Роль науки в социально-экономическом прогрессе Казахстана и задачи Союза ученых» (2006 ж.), «Бәсекелестік экономика» (2007 ж.), «Конкурентоспособность национальной экономики: критерии оценки и пути повышения» (2007 ж.), «Турар Рыскулов: государственная деятельность и экономические воззрения» (2007 ж.), «Инновационная экономика» (2008 ж.), «Избранные труды по экономике в 10 томах» (2009 ж.), «Логистика» (2010 ж.), «Интеллектуалды экономика – ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы» (2010 ж.), «Устойчивое инновационное развитие и мировые финансы в ХХІ веке» (2010 ж.).

Еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстанның чемпионы.

«Түрік халықтары тарихының панорамасы» альбомының идеясының (2003 ж.), сондай-ақ, «Түркібасы Әулиесі» тарихи монументінің, «Абай және қазақ болашағы» кітабының  авторы. «Жаралы сезім» көркем фильмінің идея авторы.

Ресей мен Қазақстан арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін, Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі «Ломоносов орденін» табыстаған.

Хабарламаларға жазылу