Еске сала кетейік, Колумбияның Баранкильеде қаласында өткен кездесуде кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласы колумбиялық Дунис Линанды нокаутпен жеңді.
«Бұл менің 17-ші жекпе-жегім болды. Колумбиялықтың рейтингі жоғары, өзі де мықты жігіт. Жеті раундқа созылған жекпе-жектің 2-ші раундында қарсыласымды нокдаунға 2 рет, 6-шы раундта тағы бір рет түсіріп, жетіншісінде техникалық нокаутпен жеңдім. Жалпы, керемет жекпе-жек болды. Жеңіс бізге бұйырып, елге абыроймен оралдық»,-дейді боксшы.
Осы жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлаған Жанқош: «Бірінші кездесу өтті. Енді қалғандарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Болашақта Мэнни Пакьяо, Флойд Мэйвезер, Амир Хан сынды мықтылармен кездессем деген мақсат бар»,-дейді.
4 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан мен Қытай спорт клубтарының ұйымдастыруымен халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтеді.
Бейбіт Назаровтың жекпе-жекке дайындығы турасында айтып берген Ардақ Назаров: «Бұл додаға Бразилия, АҚШ, Корея, Жапония, Франция, Қытайдан спортшылар келіп жатыр. Жалпы, жарыста спорты, экономикасы дамыған барлық елдердің спортшылары біздің 9 спортшымен бақ сынасады.
Кештің басты жекпе-жегі Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньо «KUNLUN FIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Жарыс Қазақстанда өтетіндіктен жауапкершілік артады. Спортшыларымыздың дайындығы жақсы»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.