Қазақстанда тұтынушылық несие көлемі екі есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұтынушылық несие көлемі екі есе артты

04.01.2024

Қазақстанда соңғы екі жылда тұтынушылық несие көлемі екі есеге артқан. Азаматтардың қарызы 13 триллион теңгеге жетті. Бұл жайында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаеваның Ақтөбеде екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесуінде айтылған. Дания Есбаева несие беру кезінде тәуекелдерді азайтуға бағытталған заң жобасы туралы түсіндірді.

Әзірленіп жатқан бұл заң жобасы халықтың қаржылық мәселелерін шешуге негіз болмақ. Өйткені, қазір 1,6 млн тұрғын несиесін уақытылы жаба алмай жүр. Сондай-ақ, 836 мың адамның тізімі коллекторлық компаниялардың қарауына берілген. Оның ішінде 670 мың тұрғынның микроқаржылық ұйымдарға берешегі бар. Дания Еспаеваның айтуынша, жаңа заң жобасы тұрғындардың негізсіз шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Енді қарызды жабу үшін банктерден қосымша несие алуға жол берілмейді. Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған, табысы жоқ адамдардың да несие алуына тыйым салынады.

Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

8,5 млн біздің азаматтарымыз осындай қарызға батып отыр. Негізгі жеке адамның кредиттері 18 млн. 90 күн болса да,жүз күн босла да просрочка дейміз ғой, уақытында төлемесе өзінің процентін қоса береді.Енді жаңа заң жобасы бойынша оған тыйым салынады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу