Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

29.03.2015
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын түседі, бұрқасын, көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын желдің күші 15-20 м/с болса, Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 18-23 м/с, 28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күші 18-23 м/с, тау асуларында 30 м/с-дан жоғары  болуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында желдің екпіні 17-22 м/с болады, кей жерде жел шаңды дауылға ұласады. Батыс Қазақстан, Қостанай облысының кей жерінде  тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман болады.  Қарағанды, Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.  

Хабарламаларға жазылу