Юрий Красножан: Бүгін жеңіске жетуге тырысамыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрий Красножан: Бүгін жеңіске жетуге тырысамыз

28.03.2015
Юрий Красножан: Бүгін жеңіске жетуге тырысамыз

Журналистердің сауалына Ұлттық құрама футболшылары Бауыржан Исламхан да жауап берді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

«Біздің тобымызда оңай ойындар жоқ. Бұл матч ең қиын ойындардың бірі болмақ. Исландия құрамасы 4-4-2 жүйесі бойынша жақсы ойын көрсете алады. Тәжірибелі футболшылар жеткілікті. Төрт ойында төрт гол соққан Сигурдссон, «Аякс» шабуылшысы Сигторссон, құраманың капитаны Арон Гуннарссон бар. Оларды мұқият бақылау керек», - дейді бас бапкер Юрий Красножан.

«Осы ойынды барлығы күтіп отыр. Жеңіске жетпегенімізге көп болды. Оны бәрі біледі. Бүгінгі матчқа бәрі дайын, жиі жаттығу өткіздік. Жанкүйерлердің стадионға көптеп жиналғанын қалаймыз. Бәріміз күшімізді салып ойнасақ, жеңіске жетуге болады. Исландия жастар құрамасын 3:2 есебімен ұтқан едік. Сол жеңісті қайталағымыз келеді», - дейді Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан.

Хабарламаларға жазылу