![Алматыда «Туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар басталмақшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_47141.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақтың Спорт және Туризм академиясында наурыз айының 27-28 күндері Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Білім беру мекемелерінде туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар өтеді.
2014-2015 оқу жылында кейбір қазақстандық орта мектептерде «Өлкетану» сабағы өткізілген. Ал, жаңа оқу жылында арнайы курс түрінде Қазақстанның барлық мектептерінде міндетті пән ретінде оқытылмақ. ҚР Білім және Ғылым министрлігі 7-11 сыныптарға арналған оқулықтар шығаруды қолға алған. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша мұғалімдермен аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әдістері Спорт және Туризм академиясының Туризм факультетінде оқытылуда.
«Өлкетану» сабақтарын география, биология, тарих пәнінің мұғалімдері немесе туристік өлкетану мамандары оқыта алады.
Тәжірибелік-семинар ҚазСТА-ның Туризм факультетінің тәжірибелі оқытушылары туристік және аймақтық зерттеулер бойынша іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Фото: Берікбол Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Туристік-өлкетану жұмыстарының ұйымдастырушыларын дайындау» атты республикалық практикум-семинар басталмақшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/96825/)