Этносаралық қатынастарды нығайту керек

27.02.2014
Этносаралық қатынастарды нығайту керек
 
Астанада «Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу» атты семинар басталды.
 
Жиынға Парламент Сенатының депутаттары, ҚХА мүшелері қатысуда. Онда Қазақстандағы мемлекеттік этносаясаттың жаңа міндеттері айтылып, осы саладағы зерттеу жұмыстарының басым бағыттары айқындалды.
 
Айта кетерлігі, семинар 2 жыл бойы республиканың барлық аймақтарында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
 
Айгүл Сәдуақасова, Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:
Жаңа ғылым туралы заң қабылданды. Қазір министрлік, білім комитеті тарапынан грантық қаражаттар бөлініп жатыр. Осы салада 100-ден астам ғылыми тақырып зерттелуде.
 
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу