Оқушыларды өлкетану жұмыстарына көптеп тарту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушыларды өлкетану жұмыстарына көптеп тарту қажет

19.09.2019

Елімізде туристік-өлкетану жұмыстарына тартылған оқушылар санын арттыру қажет. Бурабайда өтіп жатқан "Менің Отаным - Қазақстан" атты туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінде осындай бастама көтерілді. Бүгінде қосымша білім берудің бұл түріне жұмылдырылған оқушылардың үлесі 2,8 пайыз ғана. Туристік нысандардың көбі арнайы қорғалатын аймақтарда орналасқан. Сондықтан әр бала үшін күніне 200 теңгеден астам төлеу керек. Оны алып тастау ұсынылды. Әр облыстан жиынға келген топтар өздерінің жүргізген зерттеулерімен бөлісіп, ғылыми жұмыстарын таныстырды. Бүгінде облыстық деңгейлерде оқушылардың туристік-өлкетану жасақтары бар. Олар аймақтың туристік және тарихи орындарын аралап, зерттейді. Бұл жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіруге мол мүмкіндік береді, - дейді мамандар.    

Раиса Шер, республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры:

Материалдық-техникалық базаны нығайту қажет. Экспедицияға шығу үшін арнайы құрал-жабдықтар қажет қой. Ал ол бізде жеткіліксіз. Қазір білім және ғылым министрлігі тарапынан туристік-өлкетану экспедицияларына арналған ереже жобасы дайындалуда. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кадрлар тапшы. Мамандардың біліктілігін арттыру жүргізілуде. Дегенмен, бұл бағыттары жұмыстар жаңа қарқын алса дейміз. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу