Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болды

30.12.2015
Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болды

2015 жылдың 31 желтоқсанында «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы жанындағы мұз қалашығы аумағында, сондай-ақ, елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда Жаңа 2016 жылды қарсы алуға орайластырылған мерекелік шаралар өтеді.

Сағат 22.00 - 03.00-де аралығында қала тұрғындары мен қонақтары Жаңа жылды Аяз атамен және Ақшақармен бірге қарсы ала алады. Жаңа жылдық түні қалалық Мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің, «Аламан» триосы, «Ринго» тобы, Алмас Кішкенбаев, Досымжан Таңатаров, Дос, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтар, Альбина Оганесян, Салтанат Байжұманова, Әсел Нұртазина, «Дәуір» триосы, «Сарын» тобы, Бауыржан Нұрымбетов, «Сарыарқа» дуэті, Күләйым Қайырбекова, Нұрғали Тұрлыбеков сияқты өзге де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Сағат 23.55-те алаңдарда орнатылған LED-экрандардан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауы көрсетіледі.

Түн жарымда елорда тұрғындары мен қонақтары Жаңа 2016 жылдың басталуының белгісі – отшашуды тамашалайды. Мерекелік отшашу Есіл өзенінің жағасында, «Хан Шатыр» сауда, онйын-сауық орталығының жанында болады.

Жаңажылдық салтанат - көңілді байқаулармен, ойындармен және мерекелік би кешімен жалғасады.

Хабарламаларға жазылу