Мәңгілік еліміз барда - қазақтың тарихы да мәңгілік - Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәңгілік еліміз барда - қазақтың тарихы да мәңгілік - Елбасы

02.07.2014
Мәңгілік еліміз барда - қазақтың тарихы да мәңгілік - Елбасы

Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік. Бүгін қала күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ресми ашылу рәсімі барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің бабаларымыз Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропаның, Сібір мен Үндістанның арасында 4-5 мың жыл бойы айрықша рөл атқарғанын біз тарихтан білеміз. Сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алып, Түркі қағанатымен жалғасқан Қазақ хандығының және бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның өткені халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің жылнамасы болып саналады. Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл музей халықтың ұлттық рухын көтеру тұрғысында және  елімізді әлемге таныту бағытында маңызға ие болатынын атап өтті.

«Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі», - деді Президент.

Хабарламаларға жазылу