«Наурыз мейрамының Қазақ елі үшін құндылығы өз алдына бөлек әңгіме. Ал, жалпы адамзат үшін құндылығы бір басқа. Менің ұғымымда Наурыздың ерекше қасиеті – әділдік күні. Күн мен Түннің теңесуі деген сөз – ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың, өмірдегі әртүрлі құбылыстардың теңгерімге келетін күні»,-дейді таңғы бағдарламада қонақта болған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.
«Бұл мейрам қадым замандардан әлемнің біраз елдерінде тойланып келген. Неге? Өйткені, классикалық ұғыммен алғанда, шын мәніндегі Жаңа жыл – осы. 21 наурыздан 22 наурызға қараған түнде Күн мен Түн теңеседі. Дәл осы күн түрлі аңыздармен көмкерілген.
Мысалы, Адам ата мен Хауа ана осы күні жаралған деп айтады. Нұх пайғамбардың кемесі тауға тіреліп, дәл осы күні жерге тиген деген аңыз бар. Жүсіп пайғамбар осы күні жайын балықтың ішін жарып шыққан деседі. Осы тектес керемет оқиғалардың барлығы наурызбен байланысты».
«Біз үшін Наурыздың қадыр-қасиеті бөлек. Әр адам өзін-өзі дамытудың жолына түсудің белесті күні деп қарау керек. Өткен жылға қарағанда, жақсырақ, ақылдырақ, ізгілеу, білімдірек, әділдірек болуды дәл осы күннен ырымдап бастаса, қоғам да өзгерер еді»,-дейді Сауытбек Абдрахманов.
Толығырақ «Таңшолпанда».