Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Аршалы ауданының тұрғындарымен кездесті

02.04.2018

«Сіздердің ауылдарыңызда алдағы уақытта газ қосылатыны керемет жаңалық». Бүгін Аршалы ауданының тұрғындармен кездесе келген Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов осылай деді. Кездесу кезінде Мемлекет басшысының бес бастамасы талқыға түсті. Тұрғындарды көгілдір отын мәселесінен бөлек, «7-20-25» бағдарламасы және жеңіл несие мәселелері қызықтыратыны белгілі болды. Жиналғандар халық қалаулысынан ойында жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу