Біліктілік талаптарына сәйкес, жобалардың көрсетіліміне (екінші кезеңге) өткен компаниялар:
1. «Бәрі қолымыздан келеді!» жобасымен «Телемастерская Production House» ЖШС;
2. «Сен білуге тиіссің» жобасымен «2-М production» ЖШС;
3. «Энштейн ізімен» жобасымен «Magic Wood» ЖШС;
4. «Көңілді химия» жобасымен «Аружан&Компания» Продюсерлік орталығы ЖШС;
5. «Оп-оңай» жобасымен «2-М production» ЖШС;
6. «Достар шоу» жобасымен «Студия ТТЗ» ЖШС;
7. «Көңілді кеш» жобасымен «Жаңа Арна Media Group» ЖШС;
8. «Спортшы болам шыныққан» жобасымен «Arna Media Production» ЖШС;
9. «Супер батыр» жобасымен «Нұр Аспан» ЖШС;
Ұсынылған өтінімдер және компаниялар ұсынған көрсетілім бойынша комиссия бағалаудың келесі шарттарын басшылыққа алып, өтінімдерді
- аталған жанрға жобаның сәйкестігі;
- айғақтылық және тақырыптың ашылуы;
- сюжеттің түпнұсқалығы;
- сапасы;
- баяндау тілінің және стилінің нақтылығы және түсініктілігі;
- техникалық жабдықтардың болуы бойынша қарастырды.
Сараптамалық топ бағалау, өтінімдерді салыстыру және қатысушылар ұсынған көрсетілім қорытындысы бойынша, мынадай шешім қабылдады:
- «Телемастерская Production House» ЖШС өтінімі «Мақта қыз бен мысық» (шартты атауы) жобасымен байқаудың жеңімпазы деп танылсын. Жанры: әлеуметтік-танымдық (телебағдарлама);
- «Business TV» ЖШС өтінімі «Керемет ондық» (шартты атауы) жобасымен байқау жеңімпазы деп танылсын. Жанры: ғылыми-танымдық (телебағдарлама);
- «Голд Синема» ЖШС өтінімі «Шытырман» (шартты атауы) жобасымен байқау жеңімпазы деп танылсын. Жанры: спорттық-танымдық (телебағдарлама).