«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

12.12.2014
«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа  бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу турын жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2014 жылдың 15 желтоқсаны мен 2015 жылдың 15 қаңтары аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты:                                                                                                                                                     

Бағдарлама жанры

Бағыты

Ұзақтығы (минут)

Аудиториясы

1

Оқу-танымдық

Анимация

10

3жастан жоғары

2

Спорттық

Телебағдарлама (ұлттық ойын түрлері де қамтылуы тиіс)

20

6 жастан жоғары

3

Телехикая

Көркем телехикая (ұлдар үшін)

30

3жастан жоғары

4

Телехикая

Көркем телехикая (аралас, жан-жақты қамтылған)

30

4 жастан жоғары

5

Оқу-танымдық  

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

20

5 жастан жоғары

6

Әлеуметтік-танымдық

Анимация, телебағдарлама (графикалық безендіру)

10

4жастан жоғары

7

Музыкалық-танымдық

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

75

5 жастан жоғары

8

Танымдық-ойын сауықтық

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

20

6 жастан жоғары

9

Ғылыми-танымдық

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

20

7 жастан жоғары

10

Оқу-танымдық

Телебағдарлама, анимация

10

5жастан жоғары

11

Кешкілік ертегі

Анимация

10

3 жастан жоғары

12

Спорттық-ойын сауықтық

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

10

5жастан жоғары

13

Ақпаратты танымдық

Анимация

5

5жастан жоғары

14

Әзіл-сықақтық

Телебағдарлама (графикалық безендіру)

20

5жастан жоғары

ТіліҚазақша

Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі  ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.

Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиторисымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.

Қосымша ақпарат: Қосымша компания туралы ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.

Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 38 01 телефонына хабарласып немесе balapan@kaztrk.kz электронды мекенжайы арқылы ала алаласыздар.

Хабарламаларға жазылу