Алматы облысында үздік сержанттарды айқындауға арналған конкурс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында үздік сержанттарды айқындауға арналған конкурс өтті

17.03.2015
Алматы облысында  үздік сержанттарды айқындауға арналған конкурс  өтті

Алматы облысы Үшарал гарнизонында орналасқан 40398 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес үздік сержанттарды айқындауға арналған конкурс  өтті.

Жарыс үш күнге созылды.  Әскери қызметшілер компаспен бағдарлау, атыс жаттығуы, қорғану костюмін кию және алғашқы медициналық көмек көрсету сайыстарында өз шеберліктерін көрсетті.

Компаспен бағдарлауда  3-сыныпты ұлан сержанты Ш.Рақышев ерекше көзге түсті, атыс жаттығуында атыспен қолдау ротасының сержанты ұлан аға сержанты Д.Дүйсенбаев үздік атанды, қорғану костюмін кию және алғашқы медициналық көмек көрсету сайыстарында штабтық батальон взводының сержанты ұлан сержанты Т.Биболатов пен зениттік дивизионының сержанты ұлан аға сержанты А.Ысқақов озық шықты.

Хабарламаларға жазылу