Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің билеттер бағасы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің билеттер бағасы белгілі болды

16.03.2015
Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің билеттер бағасы белгілі болды

Биылғы жылдың 2 мамыр күні Лас-Вегасда кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо арасында өтетін жекпе-жектің билеттер бағасы белгілі болды. Бұл бокс тарихындағы ең қымбат баға деп аталуда.

Аталмыш жекпе-жекті аренадан көру үшін кемінде 1500 доллар жұмсауы қажет. Егер, жекпе-жекті алдыңғы қатардан көргісі келсе, билет үшін 7500 доллар төлеуі керек, деп хабарлайды Daily Mail баслымы.

Жекпе-жектің келісімшарты бойынша, Мейвезердің гонорары 150 миллион доллар болса, Пакьяо 100 миллион доллар алады. Сондай-ақ, екі тарап реванш кездесуін күзде өткізуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні боксшылар орта салмақтағы WBA, WBC және WBO белбеуі үшін рингке шығады.

Хабарламаларға жазылу