ҚР Ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 1 саты жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 1 саты жоғарылады

12.03.2015
ҚР Ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде 1 саты жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әлем құрамаларының жаңа рейтингін түзіп шықты. Жаңартылған рейтингте футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 саты жоғарылап, 138 орынға тұрақтаған.

Биылдыққа Ұлттық құрама бір ғана ойын өткізді. Ақпан айында Түркияның Анталья қаласында Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Енді футболшыларымыз 28 наурыз күні Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Исландия құрамасымен өз алаңымызда ойнайды. Ал, 31 наурыз күні сырт алаңда Ресей құрамасымен жолдастық кездесу жоспарланған.

FIFA рейтингі. 12 наурыз,  2015 жыл:

1 (1). Германия — 1770 ұпай
2 (2). Аргентина — 1577
3 (3). Колумбия — 1499
4 (4). Бельгия — 1471
5 (5). Нидерланд — 1415
6 (6). Бразилия — 1348
7 (7). Португалия — 1191
8 (7). Франция — 1180
9 (10). Уругвай — 1164
10 (12). Италия — 1146

138 (139). Қазақстан — 199

139 (131). Әзірбайжан — 198
141 (137). Тәжікстан — 192
144 (147). Түркменстан — 175
150 (151). Қырғыз Республикасы — 146. 

Хабарламаларға жазылу