Ә.Исекешев: Қазақстанда 2015 жылы мұнай мен газды барлауға 3 миллиард 260 миллион теңге бағытталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Исекешев: Қазақстанда 2015 жылы мұнай мен газды барлауға 3 миллиард 260 миллион теңге бағытталады

12.03.2015
Ә.Исекешев: Қазақстанда 2015 жылы мұнай мен газды барлауға 3 миллиард 260 миллион теңге бағытталады

«2015 жылы республикалық Ұлттық қордан 326 миллион теңге мұнай мен газдың жаңа кен-орындарын іздеп табуға бағытталады. Атап айтсақ, геофизикалық зерттеуге екі тірек скважина беру жоспарланған. Мемлекет тарапынан зерттелген аймақтар беріледі», - деді министр.

Министр атап өткендей, 2015 жылы республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 3 миллиард 260 миллион теңге мұнай және газ бойынша жаңа iздеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады.

«Kazakhstan Geology Forum, Oil & Gas» халықаралық форумына Қазақстан, Канада, Нидерланд, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Франция, Ұлыбритания, Германияның 70-тен астам компаниясының өкiлдерi жиналды.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу