Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға 400 миллион доллар бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға 400 миллион доллар бөлінеді

30.10.2014
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға 400 миллион доллар бөлінеді

Бұл қаражат «Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құру мен жаңғырту» жобасының бірінші және екінші кезеңін жүзеге асыру үшін бағытталады. «400 миллион доллар зауыттағы шикізатты гидротазалау блогы бар изомеризация, RFCC ауыр қалдықтарының каталитикалық крекингі мен Prime G каталитикалық крекингінің бензинді гидротазалау құрылғысына жұмсалады. Осы арқылы К-4, К-5 сапа деңгейіндегі моторлы жанармай шығаруға және өңдеу қуатын арттыруға мүмкіндік береді», - дейді «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу мен маркетинг» компаниясының бас директорының орынбасары Ерболат Қожабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға 2014 жылы 890 шетелдік маман шақырылады, деп хабарланған. Сонымен қатар, Қытай бұл зауытқа 1 миллиард доллар инвестиция құятыны айтылған еді.

Бұл туралы меморандумға Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР сапары барысында Қазақстанның Даму банкі мен Қытайдың Эксимбанкі қол қойған болатын.

Хабарламаларға жазылу