13 наурызда Қостанай қаласында Халық әртісі, Халық Қаһарманы, әнші Роза Бағланованы еске алуға арналған «Сағындым, апа, даусыңды» атты концерт өтеді. Шараға Қазақстанның Халық әртістері Нұрғали Нүсіпжанов, Сара Тыныштығұлова және де басқа өнер жұлдыздары қатысады, деп хабарлайды kostanaytany.kz сайты.
Сондай-ақ, концерт 14 наурызда Рудныйдағы оқушылар шығармашылық үйінде де өткізілмек.
Айта кетейік, шараның ақпаратық демеушісі – облыстық «Қостанай таңы» газеті.