Сарқылмас сезімді серік еткен жұмбақ ақын Құралай Омар: «Өлең жазу үшін жүректі өртеп жіберетін сезім болуы керек»,-дейді.
«Құралай мұңды көп айтады. Ол – адам жаны мен табиғатты үндестіре біледі. Бұл – ақынға керек қасиет»,-дейді қаламдастары ол туралы.
Құралай Омар - 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернатын, 2004 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұрады. 2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге, 2006 «Жалын» журналының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығына ие болған.
2007 жылы X Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. 2008 жылы «Жалын» баспасынан «Ақ қар», «Мендегі үнсіздік» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Бүгін 12.20-да «Поэзия әлемінен» ақын шығармашылығы турасында толығырақ біле аласыздар.