Азамат Сатыбалды: «Қара шаңырақ» - қазақ телехикаяларына жаңаша леп алып келген туынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Сатыбалды: «Қара шаңырақ» - қазақ телехикаяларына жаңаша леп алып келген туынды

02.03.2015
Азамат Сатыбалды: «Қара шаңырақ» - қазақ телехикаяларына жаңаша леп алып келген туынды

Азамат Сатыбалды: «Қара шаңырақтағы» сценарийдің шынайылығы, актерлік құрам - бізге үлкен тәжірибе болды. Түсірілім жұмыстары алты айға созылды. Күн сайын бірге жүргендіктен, кейде тіпті бір-бірімізді сол телехикаядағы есімдерімізбен атап қалып жүрдік». 

«Қара шаңырақ» - қазақ телехикаяларына жаңаша леп алып келген туынды.  Себебі, біз мұнда шынайы ойнауды үйрендік. Мұның алдында түскен туындыларымызда сәл-сәл театрдағыдай әсірелеп ойнау болды. Не нәрсе болсын тәжірибемен келеді емес пе? «Қара шаңырақ» бізге шынайы ойнауды үйретті».

«Қазақ еліне келгелі бері, шынымды айтсам әлі бірді бір қазақ фильмін көре алмадым. Себебі, мұнда келгелі бері халықпен кездесіп, түрлі түсірілімдерге барып, уақыт жағынан қиындау болды. Бірақ, келешекте қазақ фильмін көруге уәде беремін»,-дейді Сидхарт Шукхла.

Айта кету керек, бүгін «Қара шаңырақ» телехикаясының соңғы бөлімі. Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу