«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

26.09.2015
«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

«Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар,  көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр.

Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан.

Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ.

Бүгін 17:50-де телехикаяның 34-35 бөлімдерін  Ұлттық арнадан көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу