Астанада «Ай Күнді сүйеді» атты кинохикаяның тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ай Күнді сүйеді» атты кинохикаяның тұсаукесері өтті

02.03.2015
Астанада «Ай Күнді сүйеді» атты кинохикаяның тұсаукесері өтті

Фильм түрлі адамдардың ішкі жан күйзелісін баяндайтын шағын хикаялардан тұрады. Осы кейіпкерлердің барлығын жылу, сүю және сүйіспеншілікті сезіну сезімі ортақтастырады. Өмір сүру қарқыны шапшаң қазіргі заманда адамзат махаббат пен ізгілікті іздейді және фильм режиссері осы сезімдерді көрсетудің оншақты тәсілін көрерменнің назарына ұсынып отыр.

«Ай Күнді сүйеді» - бұл «Молодость» Халықаралық кинофестивалінің (Киев) бірінші жүлдесіне ие болған, сондай-ақ, жастар фильмдері кинофестивалінің (Мәскеу) және Ташкенттегі кинофестивальдің лауреаты атанған. Айта кету керек, фильм 1990 жылы шыққан «Птица» («Құс») бірінші фильмнің жалғасы.

«Ай Күнді сүйеді» кинохикаясында басты рөлдерде актриса Бақыт Жанғалиева, атақты каскадер және актер Баходыр Джалметов, сондай-ақ, актерлер Бахтияр Тұрсынов пен Марина Климович ойнаған. Эпизодтардағы рөлдерді актриса Зульфира Гузаирова, белгілі тележурналист және блогер Ержан Сүлейменов ойнайды.

 

Хабарламаларға жазылу