Бала қауіпсіздігін бақылайтын жүйе енгізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала қауіпсіздігін бақылайтын жүйе енгізіліп жатыр

25.01.2021

Ішкі істер министрлігі балалардың қайда жүргенін анықтайтын жаңа жүйені енгізбек. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. «Мені тап» жүйесі - Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді бақылайтын мобильді қосымша. Трекерді баланың киіміне, мектеп сөмкесіне орнатып қоюға болады. Жаңа жүйе Жедел басқару орталығымен біріктірілгендіктен, ата-ананың баланы іздеп жатқаны туралы мәлімет бірден полицияға түседі. 

Сондай-ақ, еліміздегі қала көшелерінде және қоғамдық орындарда «SOS түймешігі» жедел шақыру құрылғысы орнатылмақ. Бұл арқылы құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге болады. Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі биыл учаскелік инспекторлар қатары артатынын хабарлады. Атап айтсақ, криминогендік аудандарда нарядтардың тәулік бойы кезекшілігі және азаматтарды қабылдау үшін 200-ден астам модульдік полиция бекеті орнатылады.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Учаскелік полиция пункттерінің желісін дамыту жоспарланып отыр. Олардың орналасатын жері халықтың тығыздығын ескере отырып таңдалады. Бұдан басқа, осы қызметтің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайып, учаскелік полиция инспекторларының өкілеттігі ұлғаяды. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу