Геннадий Головкин Елбасыға алғыс білдіріп хат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Елбасыға алғыс білдіріп хат жолдады

25.02.2015
Геннадий Головкин Елбасыға алғыс білдіріп хат жолдады

«Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіл әлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезіміне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта.

Геннадий Головкин хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша отандастарымыздың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен, деп хабарлайды akorda.kz.

Хабарламаларға жазылу