Әбдіжаппарды халық әнші ретінде жақсы таниды. Алайда, оның режиссерлық қасиеті барын біреу білсе, біреу білмес. Ол тіпті, өз бейнебаяндарына өзі режиссерлық етеді.
«Режиссерлықты арнайы оқыған жоқпын. Бірақ, бала кезімнен киноның қойылымы, идеясы қызықтыратын еді. Өзімше іштей зерттеп жүретінмін. Ал, бүгінде бейнебаяндарымның идеясын өзім айтамын»,-дейді әнші.
«Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Қара шаңырақ» телехикаясының бір-екі бөлімін көріп қалдым, идеясы ұнады».
Сахнада жүргеніне 4 жылдан асқан Әбдіжаппар жақында аймақтарды аралап, жеке концерт беріп келді. «Алғашқы ән-сапарымды туған жерім – Созақ өңірінен бастадық.
Жанымда тағы Шерхан Мұратұлы, Бағдәулет Алғабек деген әнші бауырларымды ертіп, сапарлап қайттым. Өзіміз жас болғаннан кейін, концертке келушілердің дені жастар болатын шығар деп ойлаған едім, бір қуанатыным, кеште ақ жаулықты аналар көп болды»,-дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Әншінің орындауындағы «Жолданбаған хат» атты әнді «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.