Шымкенттегі науқас әйелге ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі науқас әйелге ота жасалды

04.10.2017

Дәрігерлер  келіншекті аман алып қалу үшін барын салуда. Науқас отадан соң әлі есін жимаған. Жансақтау бөлімінде. Ол осыдан бір апта бұрын ауыр хәлде Түркістаннан облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексерістен соң дәрігерлер оның бірнеше дертке шалдыққанын анықтаған.

Науқасқа сепсис, сары ауру,  қан аздығы және бауыр циррозы деген бірнеше диагноз қойылды. «Сырқаты тым асқынып кеткендіктен Алматыдан арнайы маман шақыртуға тура келді», - дейді дәрігерлер.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу