Соғыс ардагері Күрішбек Көжекбайұлы майданға 1941 жылдың желтоқсанында Жамбыл ақынның батасын алып аттанған.
Ардагер Калинин облысы, Новосокольников, Брест, Новель қалаларын және Беларусь майданының екінші құрамында Варшава, Терн, Вочдрож, Гданцк, Данцик т.б. қалаларын азат етуге қатысқан.
Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметовамен майдандас болған қария бүгінде 103 жаста.
Жеңіс күнін жақындатуда күш салған қарт жауынгер туралы бүгін 22.40-та «Ғасыр жасаған майдангер» атты арнайы тележобадан толығырақ біле аласыздар.