«Apple» инновациялық автомобиль шығарумен айналысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Apple» инновациялық автомобиль шығарумен айналысуда

15.02.2015
«Apple» инновациялық автомобиль шығарумен айналысуда

Электронды техникада революциялық төңкеріс жасаған «Apple»  компаниясы енді инновациялық автомобиль шығарумен айналыспақ.

«Калифорнияның Купертино қаласында «Apple» брендімен электрлі көлік шығарумен айналысатын компанияның жүздеген қызметкері  жасырын түрде жұмыс істеуде», деп жазады «Wall Street Journal» басылымы.

Басылым мәліметінше, «Apple»  электромобиль шығарумен айналысатын америкалық «Tesla Motors» компаниясымен бәсекелеспек.

Жақында ғана жылына 35 мың көлік шығаратын «Tesla Motors» 2025 жылға қарай өндіріс көлемін бірнеше миллионға арттыру туралы мәлімдеме жасаған.

 

Хабарламаларға жазылу