Шығыс Қазақстандағы Ақжар ауылында батыр Тәуке Жұмықұлына ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Ақжар ауылында батыр Тәуке Жұмықұлына ескерткіш қойылды

27.08.2019

Кезінде қазақ даласын жоңғар шапқыншыларынан азат еткен батыр жайлы тарихи дерек көп. Небәрі 16 жасында жауға шауып, ірі шайқастарда қол бастаған. Соңғы жылдары ғалымдар ол туралы деректерді жинақтап, жарыққа шығарумен айналысуда. Биыл Тәуке Жұмықұлының туғанына 340 жыл толды. Осыған орай батыр бабаның бейнесі сомдалған ескерткіш оның туған өңірінде бой көтерді. Тәуке тарихта тек батырлығымен ғана емес, шешен, ақын әрі күйшілігімен де белгілі болған. Еңселі ескерткіші келер ұрпақтың санасында тарихи тұлға жайлы түсінікті жаңғыртып, оның ерліктерін жаттап өсуге септігін тигізеді-дейді көпшілік. Батыр баба рухына тағзым еткен мәдени шарада ұлттық ойындар ойнатылып, ақындар айтысымен жалғасын тапты.

Ержан ЖАҚЫП


 

Хабарламаларға жазылу