М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бүгін «Мұқағали» атты поэзия кеші өтті. Кештің режиссері – Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Нұржан Бексұлтанова. Қойылым суретшісі – Ерлан Тұяқов.
Мұқағали ақынның рөлінде Бауыржан Қаптағаев, Тиын әже рөлінде Ғазиза Әбдінәбиева, ақынның жары Лашын рөлінде Зәуре Көпжасарова ойнады.
Шара барысында театрдың жас әртістері ақынның өлеңдерін оқыды. «Есіңе мені алғайсың», «Бала ғашық», «Ұнатамын мен сені», «Сөнбейді, әже, шырағың» атты ел аузында кең таралған әндер орындалды.
Поэзия кешінің алдында театрдың «Сырласу» клубында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекжан Тұрыс пен «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Еркебұлан Дайыровтың көрермендермен кездесуі өтті.