Еліміздегі көптеген мекемелерде зейнет жасына шықса да, қызметтегі мамандар жетерлік. Талай жыл тер төксе де, заңды еңбек демалысына шықпаудың себебі әр түрлі.
Бірін басшылық жібермесе, енді бірі әлеуметтік жағдайына байланысты қартайса да, жұмыс істеуіне мәжбүр. Тіпті, бір емес бірнеше жерде жұмыс істейтіндер баршылық.
Әйтсе де, қоғамда «зейнеткерлер жастарға орын бермейді», деген пікір қалыптасқан. Себебі, дипломы болса да, жұмыссыз жүрген жастар қаншама?
Зейнетке шыққан мамандардың тұрмыс-тіршілігі, білімі, іс-тәжірибесі, қоғам қажетіне қалай жарап жатыр, оларға деген қамқорлық т.б мәселелер бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» талқыланбақ.