Жәутіков жүйріктері – «Айтуға оңайда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәутіков жүйріктері – «Айтуға оңайда»

02.10.2014
Жәутіков жүйріктері – «Айтуға оңайда»

Орымбек Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының іргетасы 1972 жылы Алматыда қаланды. Қазақстандағы  республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысынан жүлделі орындарға ие болып, жоғары көрсеткіштерге жеткен мектептердің бірі.

Құрылған уақытынан бері мектепті тәмамдаған түлектер ішінде экономика, ғылым, бизнес салаларында өз орындарын тапқан, сонымен қатар, ҚР Президентінің аппаратында, ҚР Үкіметінде жауапты жұмыстарды атқаратындары бар.

Мектеп оқушыларының ішінде Қазақстан аумағынан тыс жерде де танымал болған «Яндекс» компаниясының негізін қалаған бұрынғы сыныптастар – Аркадий Волож бен Илья Сегаловичті атап өтуге болады.

2005 жылдан бастап оқушылардың қысқы демалысы кезінде мектеп математика, физика және информатика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізеді.

Бүгінгі Жәутіков жүйріктерінің қарқыны қандай? 21.05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу