Қытайдың Цинхуа университеті бизнес-журналистика бойынша магистрлық оқуға құжаттар қабылдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Цинхуа университеті бизнес-журналистика бойынша магистрлық оқуға құжаттар қабылдауда

12.12.2015
Қытайдың Цинхуа университеті бизнес-журналистика бойынша магистрлық оқуға құжаттар қабылдауда

Қытайдың үздік оқу орындарының бірі - Цинхуа университетінің Журналистика және коммуникация мектебі жаһандық бизнес-журналистика саласына магистрлық бағдарлама бойынша оқуға шақырады.

Екіжылдық бағдарлама толықтай ағылшын тілінде өтеді. Оған қатысушы студенттердің жартысы - Қытай тұрғындары, екінші тобын әлем елдерінің студенттері құрайды.

Халықаралық оқытушылар жүргізетін бағдарлама қатысушылары Bloomberg терминалдарымен жарақтандырылған медиазертхана мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Өтінімдер қабылдау 28 ақпанға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org.

Хабарламаларға жазылу