30 мың маман даярлаған оқу орны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 мың маман даярлаған оқу орны

20.03.2024

Бүгін Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет 30 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде университет 30 мыңға жуық кәсіби кадр дайындаған. Мерейтойға орай, оқу орынның 4 жоғары мектебі арасында ең үздік құттықтау бойынша байқау ұйымдастырылды. Іс-шара тек студенттерге ғана емес, университет қызметкерлеріне, оқытушыларына және түлектеріне арналған. Жүлде қоры 5 000 000 теңге. Шоуға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Камила Өркенқызы, Жастар ісі жөніндегі департаментінің іс-шаралар жөніндегі менеджері:

Бізде жаңағы жоғары құқық мектебі, жоғарғы гуманитар мектебі, халықаралық журналистика мен экономика мектебі. 4 мектеп бір-бірімен жарысады. Оның ішінде оқушылар, студенттер, оқытушылар құрамы бір команда ретінде өнер көрсетеді. Байқауға 5 млн қаржылық ақша тігілген.


Хабарламаларға жазылу